Мұндай құнды Citibank инвестбанкінің сарапшысы Марк Мэй беріп отыр. Бұған дейін аталған банк Instagram-ды 19 млрд. деп бағалаған болатын. Мэйдің сөзіне қарағанда, әлеуметтік желінің қымбаттауына сұраныстың тым артуы және жарнама пайдасының ұлғаюы себеп.
Ал Bloomberg-тің жазуынша, бизнестің 35 млрд АҚШ долларына бағалануы оны American Airlines және Kraft Foods компанияларымен тең дәрежеге шығарады.
Естеріңізде болса, Facebook Instagram әлеуметтік желісін 2012 жылдың сәуірінде 1 млрд АҚШ долларына сатып алған.