Instagram мен Facebook танымал блогерлермен табысын бөліспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook пен Instagram блогерлар жарнамада сервистен түскен табысты бөлісетін жүйені қарастыруда. Бұл туралы Facebook жаһандық маркетинг шешімдер жөніндегі вице-президенті (Carolyn Everson) Bloomberg TV арнасында мәлім етті.

Эверсонның айтуынша, бұл - жаңалықтар, спорт медиасы, танымал тұлғалар мен көп қаралатын контентке қатысты. Facebook (Instagram да) контент жасаушы осы желіде еңбегін таратқаны үшін ақы алуы тиіс деп санайды.

«Әлеуметтік желі авторларға контентті кіріс көзіне айналдыру жолдарын қарастыруда», деп мәлім етті ол.