Instagram неліктен хат алмасуға арналған шифрлауды алып тастап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Meta Instagram желісіндегі жеке хабарламаларды шифрлауды тоқтатады, деп хабарлайды Euronews.

Фото: Pexels

Пайдаланушылар енді құпиялық режимін қоса алмайды, ал платформа хабарламаларды стандартты шифрлау арқылы қорғайды. Әлем бойынша Direct-хабарламаларды қорғау функциясы қолжетімсіз болмақ. Стандартты шифрлау кезінде платформа қажет болса, хабарламалардың мазмұнына қол жеткізе алады.

Шифрлау — цифрлық коммуникацияны қорғаудың ең сенімді тәсілдерінің бірі. Мұнда хабарламаларды тек жіберуші мен қабылдаушы көре алады. Сол сияқты жүйелер WhatsApp, Signal, Facebook Messenger, iMessage және Google Messagesта қолданылады. Ал Telegramда тек «құпия чаттар» бар.

2019 жылы Meta барлық хабар алмасу қызметтерінде E2EE енгізуді жоспарлағанын жариялаған. Кейін ол Facebook Messengerде толық интеграцияланды. Алайда бұл технологияны балаларды қорғау ұйымдары мен билік органдары бірнеше рет сынаған, себебі ол интернеттегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуді қиындатуы мүмкін.

Meta компаниясының мәліметінше, Instagramдағы шифрлаудан бас тартуға пайдаланушылар қызығушылығының аздығы себеп болған. Сарапшылар сондай-ақ бұл өзгеріс хабарламаларды жасанды интеллект пен жарнамалық алгоритмдерді өңдеуді жеңілдетеді деп санайды. Компания хабарлағандай, жеке хабарламалар ЖИ модельдерді оқытуға пайдаланылмайды.

Шифрлауды бұрын қосқан пайдаланушыларға маңызды хабарламаларды, фотолар мен басқа медиафайлдарды алдын ала сақтап қою ұсынылады. Цифрлық қауіпсіздік мамандары E2EE қолданысы жоқ платформаларда құпия ақпарат жібермеуге кеңес береді.

Еске салайық, киберқылмыскерлер Instagram әлеуметтік желісінің 17,5 миллион қолданушысына тиесілі жеке деректерді ұрлаған.