Instagram жұмысында іркіліс болды
16:32, 04 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Instagram
әлеуметтік желісі жексенбіден бері көптеген мемлекеттерде істемей тұрды, деп хабарлайды
ресейлік ТАСС агенттігі Downdetector сервисіне
сілтеме жасап.
«Instagram жұмысында проблема АҚШ-тың Шығыс жағалаулары уақыты бойыншасағат 22:17-де басталды»,-делінген хабарламада.
Әлеуметтік желінің жұмысындағы іркіліске әсіресе АҚШ, Бразилия,Бельгия, Нидерланды және Франция мемлекеттерінің тұрғындары көп шағымданған.Бұл жағдай сонымен қатар Германия, Мексика, Польша, Ұлыбритания, Сербия, Чили,Жапония және Малайзия елдерінде де байқалған.
Желіні пайдаланушылардың көпшілігі жаңалықтар лентасын жаңарта алмаған(50% жуығы), 29% өздерінің жеке жазбаларына кіре алмаған. Тағы 20% Stories-ті қарауда қиындықтарға тап болған.