Инстаграмда Асқар Маминнің атынан ашылған парақша - жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі Асқар Маминнің Инстаграмдағы парақшасы жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инстаграм желісіндегі @mamin_online аккаунтының жалған екенін хабарлаймыз. Бұл парақшаның қызметін тоқтату туралы сәйкес шаралар жасалды», - делінген ресми хабарламада.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларына ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында және Фейсбук, Вконтакте, Туиттер, Перископ, Youtube расталған парақшаларында жарияланған ақпаратты ғана қолдануды сұрайды.