Ол бұл пікірін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласына қатысты айтты.
«100 нақты қадам аясында Қазақстан қолға алған институционалды және құрылымдық реформалар дер кезінде басталып отыр.
Сарапшы ретінде, бұның екі нақты дәлелін айта аламын. Біріншіден, болашақта әлем шынайы экономикалық жағдайға жұмыс істеп, бұл өз кезегінде мемлекеттердің түбегейлі жаңа институционалдық ортада дамуын талап етеді. Яғни, шынайы экономикалық жағдайда ғана реформалар жүргізген мемлекет бәсекеге қабілетті, экономикадағы өсімі бар мемлекет болады»,-дейді Ә.Ерғалиев.
Сарапшының айтуынша, реформа жүргізудің екінші себебі - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жөніндегі мақсаты.
«Екіншіден, біздің мақсатымыз - 2015 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ал, бұл өте жоғары деңгейдегі институционалды және құрылымдық дамуды талап етеді», - деді Ә.Ерғалиев.
16:31, 08 Қаңтар 2016
Институционалды және құрылымдық реформалар дер кезінде басталды - сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда институционалды және құрылымдық реформалар дер кезінде басталды, дейді Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әсет Ерғалиев.