Институт түлектері студенттерге жаңа компьютерлік сынып сыйлады

АСТАНА. Қаңтардың 15-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін бұрынғы Целиноград инженерлік-құрылыс инстиутының түлектері қазіргі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне жаңа компьютерлік сыныпты сыйға тартты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде елорданың коммуналдық-шаруашылық, құрылыс және қаржы жүйесінде қызмет етіп жатқан бұрынғы Целиноград инженерлік-құрылыс инстиутының түлектері - Айтмұқан Жұмабаев, Шаттыберген Мырзабеков және Нұболат Бекетаев жаңа компьютерлік техникамен жабдықталған сыныпты инстиуттың 45 жылдық мерейтойына орай ашып отыр. «Шыны керек, бүгінде кез келген салаға ақпараттық технологиялар қажет. Біз оны жақсы түсінеміз. Сондықтан бүгінгі жас мамандардың заман талабына сай даярлануына қажетті компьютерлік сыныпты сыйға тартып отырмыз», - деді институт түлегі Айтмұқан Жұмабаев.