Инстраграмда Мини-Денис Теннің аккаунты ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анимацияланған бейнесінің аккаунты ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жұмыс көбейген сайын, әлеуметтік желіге қол тимейді. Маусым басталғанда менің Инстаграмым «өледі». Бірақ осы қыста жаңа аккаунтым ашылды. @mini.denis-ті қарсы алыңыздар! @dinara_butasheva екеуіміз осы (тек бұл ғана емес) жоба үстінде жұмыс істеп жатқанымызға бір жылдан асты», - деп жазды Денис Тен өз парақшасында .


«Қазақ халық ертегілері», «Дәуіт атаның ертегілері» кітаптарына жасалған иллюстрациялардың авторы, графикалық дизайнер Динара

• Чем больше дел, тем меньше времени на социальные сети. • С наступлением сезона, мой Инстаграм умирает. Но этой зимой — появляется новый. • 🐶 Пожалуйста, примите к представлению — @mini.denis! 🐶 • Уже больше года, @dinara_butasheva и я, работаем над созданием этого (и не только) проекта. Подробнее о создании на Telegram канале (ссылка в био). •••••••••• —ENG— •••••••••• The more things to do, the less time left for social networks. • Regularly, as the season develops, my Instagram dies. But this winter - there is a new one to be introduced! • 🐶 Please welcome - @mini.denis! 🐶 • For more than a year, @dinara_butasheva and I have been working on the creation of this (and not only) project. More about creation (and more), on Telegram channel (link in bio).

Публикация от Denis Ten (@tenis_den) Дек 24, 2017 at 7:34 PST

Буташеваның айтуынша, спортшының өзі жобаның идеологиясына жауапты, ал визуалдық бейнесін дизайнер жасайды.

«Мини сырттай қарағанда баланы еске түсіреді. Бұл ұзақ мерзімді әрі интербелсенді жоба. Ұсақ детальдарға дейін ойластырып жатырмыз. Мини Денис жай ғана қуыршақ немесе анимацияланған «чиби» емес, бірегей бейне. Мұндай жобалар онсыз да көп, дегенмен Қазақстанда бұған дейін мұндай персонаждар жасалмаған», - дейді Динара Буташева.

Иллюстратор Денис Тенмен екі жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Бұған дейін де бірнеше жобаларды іске асырған. Алдағы уақытта «Мини Денис» жобасын ары қарай дамытуға қатысты бірнеше жоспарлары бар екенін айтады.