АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың «Интер Майами» клубы ресми түрде аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің командаға қосылғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Футбол клубы атақты футболшының командаға қосылғанын хабарлап, «Интер Майами» жейдесін киіп түскен суреті мен бейнежазбасын жариялады.
Айта кетсек, Лионель Мессимен келісім-шарт 2025 жылға дейін жасалған. Ол жаңа командасында 10 нөмірлі жейде киетін болды.
35-жастағы аргентиналық соңғы екі маусымда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында ойын көрсетті. Команда сапында ел чемпионатын екі мәрте жеңіп алса, сол елдің суперкубогына қол жеткізді.
Өткен маусымда ол 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Аталған команда сапында 75 ойында 32 голдың авторы атанып, 35 нәтижелі пас шығарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Криштиану Роналду тағы да Гиннестің рекордтар кітабына енді.
https://kaz.inform.kz/news/krishtianu-ronaldu-tagy-da-ginnestin-rekordtar-kitabyna-endi_a4090041
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.