Интернационалист-жауынгер Қостанай әкімімен соттасып, жеңіске жетті
«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот сонымен бірге Қостанай әкімдігін талап қоюшымен тиісті шарт жасасуын міндеттеген. Сот баспасөз хатшысы Индира Құсаинова іс материалдарына сәйкес талап қоюшы соңғы 10 жылда «Наурыз» шағынауданында дауласып отырған пәтерге иелік еткендігін айтады. «Ол оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген, әрі бұл азамат бұрын жекешелендіруге қатыспаған және жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оның атына тіркелмеген.
«Осы жылдың шілде айында пәтер жалдаушы қала әкіміне ол тұратын тұрғынжайды қайтарусыз жекешелендіру мәселесі бойынша жүгінген, - деп мәлім етті И. Құсайынова. «Өтінішінде ер адам Эфиопия Республикасында 1987 жылдан бастап 1988 жылды қос алғанда қызметін өтеген интернационалист-жауынгер болып табылытынын және жеңілдіктерге құқығы бар екендігін көрсеткен. Бірақ тамызда оның өтініші қабылданбағандығын білген. Содан кейін өз құқығын қорғамақшы болып сотқа жүгінді». Сот бас тартуды заңсыз деп тапты, себебі бұл «Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектердің және оларға теңестірілген тұлғалардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген талап қоюшының құқығын бұзады. Талап қоюшы өз құқығы бойынша заңнамаға сәйкес жеңілдіктер берілген әскери іс-қимылдарға теңестірілген. «Іс материалдарын зерттеген сот Қостанай әкімдігінің әрекетін заңсыз деп таныды және интернационалист-жауынгермен тиісті шарт жасасуға міндеттеді», - деп атап өтті И. Құсайынова ескертті.
Бірінші сатыдағы сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.