Интернационалшы-жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына байланысты ұйымдастырылатын шаралардың аясында өткізілуде. Интернационалшы-жауынгерлерге мемлекеттік наградаларды «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы Сергей Громов тапсырды.
«Бүгінгі шара Мемлекет басшысының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қол қойған арнайы Жарлығына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Он жылға созылған ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың жауынгер аттанды. Олардың 21-і сол соғыста із-түзсіз жоғалып кетті. Соғыс көптеген жастардың өмірін қиып, көбінің өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Бұл соғыс бүгінде түрлі көзқарастар негізінде бағаланып жүр. Тарих оған әлі өзінің бағасын бере жатады. Бірақ интернационалшы-жауынгерлер өздерінің парызын, Отан алдындағы борыштарын өтеді. Олар бейбіт күндерде де өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп, мемлекет тыныштығын қамтамасыз етуде табанды еңбек етіп келеді. Сондықтан да біз оларға деген өзіміздің құрметімізді көрсетуіміз керек», деді партия хатшысы.
Осы сөздерден соң ол «Айбын» орденін Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Александр Аздравин мен аталмыш одақтың Жезқазған қаласы бойынша төрағасы Рафик Қазбековке тапсырды.