Интернат тәрбиеленушілері Лисаковск қаласында жаңа үйлерге ие болды

ҚОСТАНАЙ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин интернаттық ұйым тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етті.

Интернат түлектері баспаналы болды. Жоғары және кәсіби білім алған, отбасын құрап, тіпті балалы болған, алайда жеке баспанасы жоқ балалар үйінің тәрбиеленушілері қоныс тойын тойлауда.

С.Кулагин Лисаковск қаласының бірінші шағынауданында балалар үйінің 24 түлегіне бір бөлмелі 20 пәтер кілтін табыс етті.