Интернет алаяқтарға құрбандық тауып беретін дропперлерге қылмыстық жаза күшейтіледі

Фото: Коллаж: Kazinform / Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта интернет алаяқтарға құрбандық тауып беретін дропперлердің қылмыстық жазасын күшейтетін заңды қабылдауға аз қалғанын мәлім еткен.

— 13 қаңтарда заңнамаға «дропперлік» үшін қылмыстық жауаптылық енгізуді көздейтін түзетулер әзірленіп, Парламент қарауына жолданды. Ұсынылған нормалар Мəжіліс депутаттарынан құралған жұмыс тобының көпшілік дауысымен қолдау тауып, Үкіметтің қорытындысын алуға жіберілді. Қорытындының жобасы мемлекеттік органдардың мақұлдауына жолданды, — деп жазады Берік Асылов.

Еске салсақ, наурыз айында Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасаған дропперлер тобы ұсталған болатын.