Интернет арқылы алаяқ елорда тұрғынының 500 мың теңгесін иеленіп кеткен

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында интернет-алаяқтық фактілерінің жиілеп отыр. Солардың ішіндегі кеңінен таралғандардың бірі - жылжымайтын мүлік пен автокөліктерге байланысты жасалатын қылмыстар, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар пәтер және автокөліктер сатуға бойынша жарнамалар сайтына кіріп, байланыстелефондарға қоңырау шалып, мүлік сатып алуға ниет білдіретінін жәнекепілдікке алдын ала ақша беретінітуралы хабарласып, келіскендей болады. Әбден сенімге кіріп алған соң сатушыдан төлемкарточкасын «интернет-банкинг» қызметіне қосуын өтінеді. Бұл жүйемен жұмыс істеп көрмегеназаматтарды алдап, ақшалай қаражат бар шоттар бойынша түгелдей мәліметтердісұрап алады.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Полициядепартаментіне интернет-алаяқтық фактісі жөнінде қала тұрғынынан арыз келіптүсті. Белгісіз біреу оның жарты миллион ақшасын алдап иеленген. Өз үйін сатуғақойған әйелмәліметтерді алақтарға өзі жіберіп, ақшасынан айырылған. Қазіргі таңда осы фактбойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы ПДинтернет-пайдаланушыларына қырағылық танытып, интернет-алаяқтарының құрығынатүсіп қалмауды ұсынады.

Алаяқтардың айла-шарғысына түсіп қалмауүшін:

Белгісізадамдарға күмән туғызатын ақша аударымдар жүргізбеу;

Несие алуүшін қаржы ұйымдарына ғана жүгіну;

кез келгентауарды сатып алу кезінде әртүрлі ракурстың фотосуретін алу немесе тауардың бар-жоғын растау үшінбейне-қоңырауды жүзеге асыру;

өз анкеталықмәліметтерін, карта нөмірі мен паролін бермеу қажет.


Соңғы жаңалықтар