Манифестанттар интернеттегі цензура туралы заң жобасына қатысты қарсылықтарын білдіру үшін атойлап көшеге шықты. Аталған заң жобасы ел билігіне алдын ала сот рұқсатынсыз ғаламтордағы кез келген ресурсты жабу мүмкіндігін береді. Құжат Түркия парламентінде мақұлданып та үлгерді. Ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыста бірнеше адам зардап шекті. Бүлікті бастағандар ұсталды. Гези саябағының өзі қоршауға алынды.