Зерттеу көрсеткендей, бір аптадағы он төрт сағат пен одан да көп уақытты ғаламторда отыруға арнайтын ұл мен қыздардың қан қысымы жоғары болады екен. Тәжірибеге 134 ерікті оқушы қатысты; олардың барлығы ғаламторға тәуелді болған және 26-сының қан қысымы қалыпты жағдайда болмаған.
Атап өту керек, бұл желіде көп отырғандықтан пайда болатын жалғыз дерт емес. Сондай-ақ ғаламторда көп отыратын жасөспірімдер күйзеліс, артық салмақ, есірткі пайдалану және әлеуметтік оқшаулаудан зардап шегуі мүмкін.
Зерттеудің жетекші ғылыми қызметкері Андрэа Кэссиди-Башроу: «Ғаламторды күніне екі сағат және аптасына бес күн пайдаланған жөн»,- деп кеңес берді.