деп жазады Perfect Lady басылымы. Әсіресе интернетті пайдалану ми қызметі әлсірей бастайтын егде адамдарға пайдалы.
Интернетті пайдалану кезіндегі мидің күшейе түскен белсенділігін сарапшылар магнитті-резонанстық сканерлер арқылы тіркеген. Мамандар оның тиімділігі ақпаратты іздеуден кейін де сақталатынына назар аударып отыр.
Интернетті пайдаланудың миға пайдасын ғалымдар бірнеше себептермен түсіндіреді - оның барысында экранға назар аудару, мәтін мен суреттерді қабылдау, іздеу кезінде адамның өз мақсатына жұмылуы, алынған мәліметтерді талдау сияқты бірқатар міндеттерді орындауға тура келеді. Сөйтіп, сайып келгенде, интернетті пайдалану миды шынықтыратын жақсы ермек болып шығады.