Интернет пен байланысқа қатысты туындаған мәселе ғаламдық сипатқа ие - министрлік
15:05, 24 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс пен Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие деп мәлімдеді.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді.
- Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде хабарланатын болады. Бұл ақаулар «ҰАТ» АҚ қызметімен байланысты техникалық ақауларға қатысы жоқ, - делінген хабарламада.
Осыған дейін бірнеше мемлекеттік порталдың жұмысынан техникалық ақау шыққанын жазған болатынбыз.