Интернет-шоппингті пайдаланушылар енді тауарды кедендік қызметтен алатын болады

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентина ел ішіндегі шетелдің тұрақты валюта қорының қысқаруына бөгет жасау бағытында шетелдік интернет-дүкендерде тауарларды сатып алуларға жаңа шектеулер енгізеді.

Бұдан былай шетелдік вебсайттарда сатып алынған тауарларды кедендік қызметте алуға тура келеді. Сонымен қатар сатып алушыға кедендік декларацияны ұсыну міндеттеледі, деп жазады шетелдік БАҚ. Интернет-дүкендерді пайдаланушылар әрбір сатып алулар кезінде декларацияны толтыратын болады. Атап өтейік, 2013 жылы Аргентинаның доллар мен басқа да валютадағы қоры 30 пайызға қысқарды.