Интернет-тәуелділік психикалық проблемалардың белгісі болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Макмастер Университетінің ғалымдары 254 студенттің мәліметтерін сараптаудан өткізді. Қатысушылар Интернетке тәуелділікті анықтайтын сынақтан өтті.

Нәтижесінде, 33 студенттен тәуелділік анықталса, 107-сі соған бейімді болып шыққан. Олар тест барысында әлеуметтік желілерде уақыттарын өткізіп, видеоларды қараған, өзге пайдаланушылармен хат алмасып отырған.

UPI.com-ның жазуынша, сонымен қатар мамандар қатысушылардың психикалық жағдайын бағалады. Зерттеу көрсеткендей: ғаламторда уақытын көп өткізген студенттерде күйзеліс, алаңдаушылық, қызбалық деңгейі жоғарылап, зейіндері төмендеген. Олар күнделікті шаруаларын қиындықпен атқарып, жұмыс уақыттарын жоспарлау ауырлық тудырған.