Нақтырақ айтқанда, компанияның Бейжіңдегі әзірлеу және зерттеу орталығының кеңсесі жабылатын болады. Интернеттегі алпауыт компанияға аталған елдегі жергілікті компаниялар бәсекелес болған. Енді кеңседе қызмет еткен 300-ге жуық маман жұмыссыз қалмақ. Еске сала кетейік, 2013 жылы «Yahoo» Қытайда электронды пошта қызметін көрсетуді тоқтатқан болатын. Сонымен қатар, тағы бір ірі компания «Microsoft» ақпан айында Қытайдағы 9 зауытының екеуін жабатынын хабарлаған.
00:31, 20 Наурыз 2015
ИНТЕРНЕТ: «Yahoo» Қытайдағы кеңсесін жабады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың «Yahoo» интернет компаниясы Қытайдағы соңғы кеңсесін жабады, деп жазады Би-Би-Си.