Оны "Бегун" компаниясының аймақтық даму департаментінің жетекшісі Маргарита Деминская Алматыда өтіп жатқан 2-Қазақстандық интернет апталығында айтты.
Онда "Интернет-жарнама: түрлері және оны қолданудың инфрақұрылымы" деген тақырыпта секция мәжілісі өткен болатын. "Интернет-жарнама: бүгін және ертең" деген тақырыпта баяндама жасаған М. Деминская- ның айтуынша, ағымдағы жылы жаңа ұялы телефондардың 85 пайызы мобильді интернетке енуді қамтамасыз етеді. 2012 жылы мобильді интернетті пайдаланушылар бүкіл әлемде интернетті стационарлық қолданушылар санынан асып түседі. Ал мобильді интернетті пайдаланушылар саны бүкіл әлемде 2015 жылы 2010 жылғы 500 миллион адамнан 3,5 миллиардқа дейін жетпек.
"Ресейдің маркетингтік коммуникация нарығының 42 пайызы телевидениенің үлесіне тиеді. Ал маркетингтік қызмет - 21 пайыз, баспасөз - 14 пайыз, сыртқы жарнама - 10 пайыз, интернет - 8 пайыз, радио - 4 пайыз, өзге медиалар - 1 пайызды құрады. Ондағы өсім интернетте - 40 пайыз, сыртқы жарнамада - 18 пайызды, телевидениеде - 15 пайызды, радиода - 11 пайызды, баспасөзде - 7 пайызды құрады", - дейді М.Деминская.