12:09, 01 Сәуір 2009
Интернетке қауіпті вирус төніп тұр
МӘСКЕУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Вирусқа қарсы бағдарламалар жасаушы зертханалар сәуір айында Интернет тарихындағы ең үлкен вирустық шабуыл орын алуы мүмкін екенін ескертуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Мамандар, вирустар жұқтырылған DDoS- және спам-шабуылдарының ағымдағы айда күрт арту ықтималдығын айтып отыр. Олардың мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде 6 миллионға жуық компьютер Conficker санатына жататын вирустан зардап шегіп отыр. Төнген қауіп туралы үш бірдей зертхана мәлім етті. Олардың хабарлауынша, зиянды бағдарлама бүкіл Интернет-қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Алдағы тәуліктерде бүкіл әлем бойынша компьютерлерге көлемді вирустық шабуылдар жасалады деп күтілуде.