Интернетке отырған үздік 10 ел
10. ШВЕЙЦАРИЯ, 85,2% Швейцарияда интернет өте жылдам жұмыс істейді. Бұл халықаралық әріптестікке, атап айтқанда банкингке арқа сүйеген ел экономикасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Халқының басым бөлігі, (яғни швейцарлықтардың үштен бірі 55 жастан асқан) қартайып келе жатса да, азаматтарының 15 пайызы ғана интернетті пайдаланбайды.
9. КАНАДА, 86,8%
Канадалық интернет нарықта қызық жағдай қалыптасты: мұнда бәсекелестік жетіспейді. Екі ойыншы ғана бір-бірімен сайысқа түсуде. Соның нәтижесінде - желіге қосылу жылдамдығы ең төменгі көрсеткіште. Бірақ та канадалықтар бұған көндіккен, өйткені өз өмірлерін интернетсіз елестете алмайды. 8. ҰЛЫБРИТАНИЯ, 87%
Егер Канадада билік интернет-нарықтағы бәсекелестік мәселелеріне онша назар аудармайтын болса, Ұлыбританияда оған көңіл мүлдем көп бөлініп отырған сыңайлы. Мұнда көптеген ойыншылар бар, сондықтан да қосылу жылдамдығы және сигнал сапасы өте жоғары, алайда билік цензура элементтерін енгізуге тырысуда. Бұл «желі бейтарап» принципін бұзуға әкеп соғады.
7. ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ, 89,5%
Жаңа Зеландия - интернеті жай жұмыс істейтін елдің бірі. Өйткені нарық шағын, сондықтан да оған ақша салу тиімсіз. Нәтижесінде - қосылу жылдамдығы бойынша 46-шы орында. Дегенмен мемлекет жобаны дербес қаржыландыруға тырысуда, оның ауқымында осы онжылдықтың соңында ел халқының 75 пайызы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілмек.
6. ФИНЛЯНДИЯ, 91%
Финляндия өз доменіне ие болған алғашқы еуропалық елдердің бірі. Fi ондаған жылдар бойы өз инфрақұрылымын белсенді жетілдіруде. 2009 жылы өкімет орындары барлық азаматтардың шапшаң оптикалық-талшықты интернетке қол жетімділігін қамтамасыз етуге уәде берді. 2015 жылы Финляндияның бүкіл халқы жылдамдығы секундына 100 мегабиттік интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болмақ.
5. ДАНИЯ, 93%
Google-дің 2012 жылғы зерттеулеріне сәйкес, Дания ұялы интернеттің жылдамдығы жағынан Корея Республикасына ғана жол береді және үй интернетінің жылдамдығы бойынша әлемде 6 орында. Еуропаның бірқатар елдері сияқты Дания билігі де желідегі заңсыз контентпен және қарақшылықпен күресуде, The Pirate Bay желісін бұғаттап, цензура элементтерін енгізуде.
4. НИДЕРЛАНДЫ, 93%
Нидерланды билігі бүкіл елді «интернеттендіру» бағдарламасын белсенді қолдауда. 2010 жылғы реформадан кейін кең жолақты интенрнетке қол жетімді үй шаруашылықтарының саны 700 мыңнан 7 млн.-ға дейін өсті. Сонымен бірге ел «желілік бейтараптық» принципін қолдайды: контент мәселесіне араласпайды және кейбір ойыншылардың басқалардан басымдықты артықшылыққа ие болуына жол бермейді.
3. ШВЕЦИЯ, 94%
Швеция ұялы интернет жылдамдығы бойынша әлемде 5-ші, үй интернеті жөнінен - 8-ші орында. Ұзақ уақыт бойы елдің қарақшыларға босаңдығымен аты шықты, тіпті The Pirate Bay торрент-трекері қызмет істеуін қолдады да. Кейінірек билік ақыры порталдың негізін қалаушылардың бірі Петер Сундені тұтқындауға ұйғарды.
2. НОРВЕГИЯ, 95%
Норвегия американдықтардың қолдауымен ағылшын тілі негізгі емес елдердің ішінде интернетке алғашқы қосылған ел болды. Көптеген қоныстар таулы жерлерде болуына қарамастан ел өкіметі және интернет-провайдерлер азаматтардың басым бөлігінің интернетке қолжетімділігіне қамқорлық жасауда. Кейбір ауылдық жерлерде интернеттен гөрі ауызсу жөнінен проблемалар жетерлік.
1. ИСЛАНДИЯ, 96,2%
Исландияда бүкіл халықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету өте күрделі болды. Елде адамдар көп емес, ал инфрақұрылым жасау қымбат. Бірақ та бүгінде үй шаруашылықтарының 83,2 пайызы оптикалық-талшықты желіге қосылған. Билік тарапынан желіге ішінара цензура орнатуға тырысуына қарамастан, исландтықтар өмірінің басым бөлігін интернет-кеңістікте өткізеді.