41 жасар голланд 4 500 километр жерден ұшып келіп, әуежайда 26 жасар бойжеткенді 10 күн күткен. Олар сайтта танысқаннан кейін екі айдан соң жолығысуға уәделескен. Бір қызығы қытайлық БАҚ ауқатты еуропалықты алдап кеткен Чжанды тауыпты, ол ғаламтордағы танысының әрекетіне таң қалған. Ер адамның «Еуропадан ұшып келемін» дегеніне әзіл деп мән бермеген.
Әуежайды он күн паналаған Киркьің жағдайы нашарлап, ақыры ауруханаға түскен. Есін жиған голланд еліне қайтқан. Ал батыстық БАҚ-тардың жазуынша, Чжан таныстықтағы қолайсыздықты жойып, Киркпен алдағы уақытта кездесуге бейіл екендігін білдірген.
07:15, 04 Тамыз 2016
Интернетпен танысқан бойжеткенді әуежайда 10 күн күткен ер адам ауруханаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландиялық Александр Питер Кирктің Қытайдың әуежайында танысу сайтында кездесуге келіскен бойжеткенді 10 күтіп жүргені жаңалықтарға шығып кетті. Қытайлық бойжеткеннің ол тек Чжан деген тегін ғана білген, алайда уәделескен қыз кездесуге келмеген, деп жазады Mashable.