РБК агенттігінің хабарлауынша, алдымен қытайдың Sina Weibo желісінде, одан кейін Twitter-де солтүстіккореялық көшбасшы Бейжіңде КХДР елшілігінің жанында өлтірілгені туралы хабарлар таратылған.
Дегенмен ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, американдық барлау қоғамдастығы бұл ақпараттардың қуатталмағандығын айтады.
«Мұндай КХДР сияқты жабық қоғамдық құрылыста бәріне 100 пайыз сенуге болмайды», деп мәлімдеді CNN-ге аты-жөні айтылмаған американдық билік өкілі. «Қазіргі сәтте бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп санаймыз», - деп атап көрсетті дереккөз.
«Солтүстіккореялық әскерлердің қозғалысы және басқа да белсенділігі туралы дәлелдер жоқ, егер айтылған оқиға болса, әртүрлі толқулар болуы мүмкін еді», деді өкімет өкілі. Ол Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін КХДР армиясы бөлімшелері күшейтілген жауынгерлік даярлық режиміне келтірілгенін еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, КХДР көшасшысы Ким Чен Ир 2011 жылғы 17 желтоқсанда дүниеден өтті. Ол 70 жасқа қараған шағында жүрек сырқатынан көз жұмды. Қайтыс болған көшбасшының кіші ұлы Ким Чон Ын өз әкесінің ісін «ұлы жалғастырушы» және оның мұрагері болып аталды.