Интернетті жұмыс орнында жеке мақсатқа пайдаланудан АҚШ экономикасы жыл сайын 650 млрд. долларға шығынданып отыр

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Интернеттің мүмкіндіктерін жеке мақсатқа пайдалану  американдық экономикаға жыл сайын 650 млрд. долларға түсіп отыр.

 Бұл туралы бүгін "Нью-Йорк Уан" телеарнасы хабарлады.

Мемлекеттік мекемелердің көптеген қызметкерлері мен коммерциялық кәсіпорындардың жалдамалы жұмыскерлері жұмыс кезінде интернетті жеке мақсаттарына пайдаланады. Әрбір 10 минут сайын олар туыстары мен жақындарының электрондық хаттарына жауап беріп, әлеуметтік желілерге белсенді қатысады.

Жұмыс орнында отырған американдықтар әлеуметтік желілердегі талқылауларға жиі араласады. Олардың арасында ең танымалдары - "Фейсбук" /Facebook/ және "Твиттер" /Twitter/.

Әлеуметтанушылар орта статистикалық американдық «Фесбук» қолданушысының бұл желіде айына 405 минут, ал «Твиттерде» сәйкесінше 89 минут болатынын есептеді.