Интерпол 2014 жылы Сингапурда құқық қорғау қызметінде инновацияларды дамытудың жаңа орталығын ашады
10:29, 22 Қазан 2013
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы құқық қорғау қызметінде жаңа технологияларды қолдану бойынша белсенді жұмыс жасайды.
Бұл туралы дүйсенбі күні осы халықаралық құрылымның президенті Мирей Баллестрази Колумбияның Картахена қаласында өтіп жатқан Интерполдың 82-ші Бас ассамблеясында мәлімдеді.
«Бұл орталық ұйымдасқан қылмыстың жаңа түріне қарсы күресте алға ілгерілеуге көмектеседі, - деп атап өтті Баллестрази. - Ол полицейлерге барша әлемнен киберқылмысқа қарсы әрекет ету курстарына қатысуға мүмкіндік береді».