Интерпол: Экологиялық қылмыстар нарығы әлемдік экономикаға қарағанда тезірек өсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экологиялық қылмыстар нарығы әлемдік экономикаға қарағанда тезірек өсуде. Бұл туралы Fast Company Интерпол мен БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының (UNEP) есебіне сілтеме жасап хабарлады.

2014-2016 жылдары бұл көрсеткіш 26 пайызға өсті. Әдетте ол жыл сайын 5-7 пайызға ғана артатын.

Келтіретін залал бойынша экологиялық қылмыстар төртінші орында. Ол есірткі сайдасы, құлдар еңбегін пайдалану және бағалы тарихи жәдігерлердің көшірмесін жасаудан кейінгі орында тұр.

 Экологиялық қылмыстар нарығының көлемі жылына шамамен $91- $258 млрд құрайды. Оған ұйымдасқан қылмыстық топтар қатысады.