Грузия ІІМ журналистерге мәлім еткеніндей, ІІМ-нің контрлаңкестік орталығының және Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызмектерлері Тбилисиде өткізген бірлескен жедел шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Беслан Лорсановты ұстады.
Б.Лорсановқа қазақстандық құқық қорғау органдары 2011 жылы қарақшылық пен адам өлтіргені үшін іздеу жариялаған болатын.
Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына ауыстырылды, экстрадициялау алдындағы тиісті процедуралар басталды.