Облыстық ІІД тіркеу-емтихан бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Сергей Гизбрехттің айтуынша, «Регуло 7505» магнитті-оптикалық аппараттық кешенінің көмегімен полицейлер көліктерден өшірілген винн-кодтарды, жалған жүргізуші куәліктерін және техникалық паспорттарды жазбай анықтауда.
Биыл құрылғының және қосымша криминалистикалық зерттеулердің көмегімен үш автокөлікті тіркеуге қояр кезде Интерполдың іздеу жариялағаны хабарланды.
Петропавл тұрғыны тіркеуге қойғысы келген Тойота көлігі 2012 жылы Белоруссиядан, екінші УАЗ көлігі - Челябі облысынан барымталанған. "Лада Калина" автокөлігі Петропавл тұрғынынан ұрланған. Көліктер тәркіленді және айып тұрағына қойылды. Барлық фактілер бойынша, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.