Интерпол Саддам Хусейннің қызына іздеу жариялады
деп хабарлайды CNN телекомпаниясы.
Ирактың қазіргі өкіметі Р.Хусейн ханымды біраз жыл бойы қудалап келеді. Анасымен бірге Иорданияда тұратын Рагад ханымды лаңкестікті қолдады және содырларға материалдық көмек көрсетті деп айыптауда.
2006 жылы Интерпол түрлі елдердің құқық қорғау елдеріне Рагад Хусейнді іздеп табуға қолдау көрсетуді өкім еткен «арнайы хабар» таратқан болатын. Рагад ханымды экстрадициялау туралы Ирактың өтінішін Иордания қабылдамай тастаған еді.
Р.Хусейн Ирактан 2003 жылы, елге коалиция әскері кірген кезде, кетіп қалған болатын. Ол әкесін сотта қорғауды ұйымдастырды, бірақ Саддам Хусейн адамзатқа қарсы қылмысы үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілгенін барша жұрт біледі.