Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылып, анасымен қауышты
21:53, 24 Мамыр 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды.
Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен.
Одан кейін әйел полицияға жүгінген.
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.