Интерполдың жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерполдың Бас хатшысы болып бір ауыздан Юрген Шток сайланды, деп хабарлайды халықаралық ұйымның баспасөз қызметінен. Ол халықаралық қылмыстық полицияны басқаратын алғашқы неміс болып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

2000 жылдан бері халықаралық ұйымды америкалық Рональд Ноубл басқарып келген болатын. Ал Шток 2004-2014 жылдар аралығында Германиядағы қылмыстық іс бойынша федералды ұйым төрағасының орынбасары болған. 2005 жылдан бастап Интерполда тұрлі істер атқарып келді.

Халықаралық қылмыстық полиция (Интерпол) 1923 жылы құрылған. Ұйымның бас хатшысы 5 жыл сайын сайланып отырады.