ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Қылмыстық полиция халықаралық ұйымының жаңа басшысы болып Ким Чон Ян сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Ким Чон Ян осы күнге дейін Интерпол президентінің міндетін атқарып келген еді.
«Корея Республикасының тумасы Ким Чон Ян алдағы 2 жыл бойы Интерполдың президенті қызметін атқарады», - делінген жазбада.
Сайлау Интерполдың Дубайдағы 87-ші Бас ассамблеясы кезінде өтті.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.