"Интервейл Қазақстан"ЖШС қазақстандық алғашқы мобильді төлем жүйесін таныстырды
мобильді төлемдерін жүргізу қызметінде Қазақстанда баламасы жоқ MyPaykz төлем жүйесін таныстырды. Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, бұған дейінгі банктік жобалардан ол әмбебаптығымен ерекшеленеді. Оған кез келген қазақстандық банктің төлем картасымен қосылуға болады. MyPaykz ұсынысымен қазірдің өзінде 50-ден астам компаниялардың қызметіне ақы төлеуге болады. Олардың ішінде ұялы байланыс операторлары, интернет, телевидение, коммуналдық қызмет және тағы басқалары бар. Ұсыныстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүзеге асырылған және барлық жай телефондар мен Simbian, Windows Mobile операциялық жүйелеріндегі смартфондар үшін қолжетімді. Мобильді ұсыныс қызметіне интернетке қосылған компьютер арқылы (Bluetooth, IrDA-порт, кабельдік қосылу) және WAP-сайт арқылы байланысуға болады.