— Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Президент Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті.