«Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 0,8 пайызға, 142,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, өсімдік майын өндіру көлемінің 26,7 пайызға, қызылша қантының 25,1 пайызға, сары майдың 16,3 пайызға, жарманың 11,3 пайызға, өңделген сүттің 3,2 пайызға, өңделген күріштің 2,3 пайызға, ірімшік және сүзбенің 0,8 пайызға артқаны байқалды», - деді министр.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2 пайызға ұлғайып, 19,9 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 11,2 пайызға артып, 3,5 млрд теңгені құрады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылдың қаңтар айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5 пайызға ұлғайып, 170,6 млрд теңгеге жетті.