Инвестор іздеудің стратегиясын негізгі акционер анықтайды - Альянс банкінің Басқарма төрағасы

None
АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Альянс банкті сату, сатпау мәселесін негізгі  акционер анықтайды. Оны қаржы институтының басқарма төрағасы Мақсат Қабашев бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Стратегиялық инвестор іздеу - өте күрделі үдеріс. Бұл мәселені шешуде әртүрлі жолдар бар. Стратегиялық инвестор іздеу бойынша біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен келіссөз жүргіздік. Ол әлі жалғасуда. Жалпы инвестор іздеудің стратегиясы алдағы уақытта қандай болу керектігін  негізгі акционер анықтайды», - деді М. Қабашев. Оның айтуынша, қазір банкті сату үшін аса қолайлы сәт болмауы мүмкін. Қымбатырақ сатып табысты молайту үшін  нарықтағы ахуалды тағы біраз бағамдар,  кірістің көбеюін күтуге де болады. Алайда оны  менеджерлер емес, акционер шешеді.