Инвесторлар елордада 11 жекеменшік мектеп салады
Әкімдіктен мәліметкендей, жобаларды іске асыру ел экономикасына 27,6 млрд теңге инвестициятартуға, 1500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Осылайша, білімберу саласындағы 11 инвестициялық жоба жалпы алғанда 10 мыңнан астам оқу орнын жәнебалабақшаларда 1 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді. »TAMOSEDUCATION« ЖШС жеке физика-математика мектебінің құрылысы мәселесінзерттейді. Тартылатын инвестициялардың сомасы 4 млрд теңгеден асады.»Singapore International School Kazakhstan« ЖШС жобасына сәйкесмектеп қалашығын салу көзделіп отыр. Сингапур инвесторлары шетелдік білім беружүйесін ұсынып отыр. Жаз уақытында семинар-дәрістер өткізіліп, тәжірибе алмасуүшін шетелдік профессорлар шақырылатын болады. Өз кезегінде »EURO ASTKZ2019« ЖШС мектеп пен балабақша салу мәселесін қарастыруда – мектепоқушылары үшін 500 орын және мектепке дейінгі балалар үшін 120 орын», - деді ведомстводан. Сонымен қатар, мектептер құрылысына тағы 8 компания ниет білдірген.
«Мемлекетбасшысы инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Біз жүйелінегізде әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесеміз. Мысалы, бүгін ҚР СаудАрабиясының елшісімен, бұған дейін Ұлыбритания, Түркия және тағы басқа инвесторларменкездестік. Қазір мектептерде орын тапшылығы 20 мыңға жуық.Қазір қалада үш ауысымда оқитын 5 мектеп бар. Егер мамыр айында мектептен 6 мыңоқушы шыққан болса, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 24 мың бала келеді депкүтілуде. Тек қана отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, жекеменшік мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарында 20 мыңға жуық орындықамтамасыз етуіміз керек», - деді А. Көлгінов.
Қала әкімі мектепқұрылысын таңдаған кезде сол учаскедегі халықтың тығыздығын, инженерлік желілермен инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті. Оқужылының соңында қалада барлығы 108 мектеп болды. Бұдан басқа, кеңестеТомотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені құрылысының жобасы дақолдау тапты. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге ұзақ мерзімге берілетінапартаменттерді салу жобасы қаралды.