Инвесторлар Porsche басшылығынан 2,4 млрд. долларды талап етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Porsche-нің бақылаушы кеңесінің басшысы Вольфганг Порше мен басқарма мүшесі Фердинанд Пьех немістің Volkswagen автоконцернінің сәтсіз жұтылу ісі бойынша сот алдында жауап береді.

Инвесторлар компания 2008 жылы Volkswagen-ді жұту бойынша өздерінің жоспарларын жасыра отырып, оларды адастырды деп айыптауда.

Porsche компаниясы Volkswagen-нің үлкен акциялар пакетін алу жөнінде жариялаған кезде аяқ астынан бюджеттік баға белгілеудің өзгеруіне байланысты көптеген инвесторлар өздерінің қаржысынан айырылып қалды. Volkswagen концернінің жұтылуы талпынысы нәтижесінде сәтсіз аяқталды.

Porsche компаниясы Volkswagen акциясын сатып алумен айналысып жатқанда, оның ауқымды көлемде қарызы жиналып қалған. Сонымен қатар бұған әлемдік қаржы дағдарысы да өз әсерін тигізген.

Ал, 2009 жылы немістің екі автоөндірушілері арасындағы қарым-қатынастар қарама-қарсы сценарий бойынша өрістеді. Осының нәтижесінде Porsche Volkswagen компаниясына жұтылып қалды.