Инвесторлар ШҚО-да теміржол салуға мүдделі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шығыс Қазақстанда теміржол салынады және ол Қытайды Еуроодақ елдерімен байланыстырып тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

шығБірлескен жоба аясындағы зерттеулер өңір басшысының қатаң бақылауында.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Мұрат Мұсатаев облыс әкімдігінің мәжілісінде Қытай тарапының жалпы бағыты «Қарамай-Тачен-Аягөз-Ресей Федерациясы- ЕО елдері» болатын «Қарамай-Тачен» теміржол бағытын салуды жоспарлап отырғандығын еске салды.

Олар Бақты, Таскескен, Мақаншы, Аягөз елді мекендері арқылы көлік жолымен өтетін «Бақты -Аягөз теміржол бағытының 253 км қазақстандық бөлігін салуға да ниетті.

Осыған дейін ҚазАқпарат ҚХР транзиттік теміржол бағытына қатысты мәселелердің ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Санжар Елубаевтың тарапынан талқыланып, Қытай өкілдерімен де жүздескендігі айтылған болатын. Осы келіссөздер қорытындысы бойынша болашақта халықаралық магистральдың маңызды бөлігі болатын «Қарамай-Тачен-Аягөз» теміржол бағытының «Бақты Аягөз» бөлігін салу бойынша алдын ала зерттеулер жүргізу жөнінде келісім жасалған.

Бұл ретте аталмыш жобаның өңірлік-географиялық басымдықтары бар екендігін және даму үшін әлеуетінің өте зор екендігін айта кету керек. Өйткені халықаралық магистраль Қытайдың солтүстік шығысын Қазақстан, Ресей мен ЕО елдерін байланыстырып тұрады. Ал магистральдың Қазақстанмен байланысуы үшін «Бақты Аягөз» бағытындағы бөлігін салу керек. Бұл жобаның өңір үшін де жалпы ел үшін де болашағы зор. Бұл Қытайдың батыс бөлігінен келетін жолаушылар мен жүк ағынын және уақытты үнемдейді.

Қытай тарапының мәліметтеріне қарағанда, егер жоба сәтімен жүзеге асатын болса, 2020 жылға қарай жүк ағыны 1,85 млн тоннаға, ал 2030 жылы 3 млн-нан астам тоннаға жетеді.