Инвесторлар Түркістан мен Қызылорда әуежайларына қызығушылық танытып отыр

АСТАНА. KAZINFORM – «VietJet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы Түркістан мен Қызылорда әуежайларына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: Азаматтық авиация комитеті

Астана қаласында Мемлекет басшысының шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері Түркістан және Қызылорда әуежайларын бірлесіп дамыту бойынша «VietJet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы қарасты SOVICO Group компаниясымен меморандумдарға қол қойды.