Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №70
2015 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту туралы
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.