Әділ Оспанов инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік етеді, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық прокуратуралардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ бекітілген бағыттар бойынша Комитеттің мемлекеттік органдардағы мүддесін білдіреді.
Сонымен қатар ол жетекшілік ететін мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Әділ Қанышұлы 1980 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Павлодар университетін бітірген.
Аға әділет кеңесшісі. «Құрмет» орденімен наградталған. Үйленген, үш баласы бар.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастап, Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі, Павлодар қаласы және Астана қаласының «Есіл» ауданы прокуратуралары бөлімдерінің бастығы, Астана қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы, Павлодар облысы Павлодар ауданының прокуроры, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.
2019 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде еңбек етіп, инспектор, сектор меңгерушісі және Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі орынбасары лауазымдарын атқарған.
Бұған дейін Ержан Ертаев энергетика вице-министрі болып тағайындалғанын жазғанбыз.