4 шілдеден бері компания бағалы қағаздарының құны бірінші рет 800 теңгеге жақындады, бұл инвесторлардың қызығушылығы қайта ояна бастағанын білдіреді.
«БТА Секьюритис» сарапшысы ағымдағы бағада ҚТО акцияларының өсу әлеуеті жоғары екенін айтады. «Компаниялардың инвестициялық тартымдылығы - құбылмалылықтың төмендігі мен кірістерінің өсім қарқынының тұрақтылығынан, қарыздық жүктемесінің жоқтығынан, IPO-ға шыққан сәттен бастап рентабельдігінің жақсаруынан және мемлекет тарапынан қолдаудан қалыптасады», - дейді компания шолуында.
Seven Rivers Capital Инвестиция департаментінің жетекші инвестициялық консультанты Сәкен Өсер компанияның бірінші жартыжылдықтағы жақсы алдын ала есебін негізге ала отырып, оның бағалы қағаздарын сатып алуға себептердің көп екенін айтады. ҚТО акцияларына сұранысты шетелдік инвесторлар да арттыра алады. «Егер теориялық жағынан ҚТО акцияларын Лондон қор биржасына шығаруға болады десек, онда шетелдік инвесторлар компанияның бағалы қағаздарын KASE-тегі ағымдағы мәмілелерден де жоғары бағалауы мүмкін. Біздің шетелдік клиенттер үшін «ҚазТрансОйл» акциялары әлі де тартымды. Біз оларды портфельді инвестиция аясында сатып алуды ұсынамыз», - деп түйіндеді сөзін сарапшы.
16:06, 30 Шілде 2013
Инвесторлардың «ҚазТрансОйл» акцияларына қызығушылығы тағы да оянды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - «Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) акцияларының бағасы өткен аптада 1,67%-ға өсіп, 790,01 теңге шегінде жабылды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.