«Инвесторларға шетелдік жұмыс күшін тартуға квотадан тыс және рұқсаттамаларсыз, инвестициялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне және нысанды іске қосқаннан соң бір жылға шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын беру ұсынылуда», -деді министр.
Сонымен қатар Е. Досаев оған қоса, инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін қосымша шаралар ұсынылып отырғандығын атап өтті. Атап айтқанда, ең дамыған елдердің азаматтарына тұру мерзімі 90 күнге дейін визасыз режимді біржақты тәртіпте орнату, шетелдік компаниялардың құрылымдық бөлімшелері басшыларына инвесторлық визаларды ұсыну, шетелдіктерге тауарлы ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу үшін инвестицияларды салғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру мерзімдерін ұлғайту қарастырылуда. Мұнымен қоса, «Инвестициялық омбудсмен» қағидаты бойынша инвесторлардың құқықтарын қорғау институтын енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.