деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономиканы әртараптандыру идеясын толыққанды жүзеге асыру үшін бірқатар мәселелерге баса мән берген орынды. Біріншіден, аталған шараға бүгінгіден әлдеқайда тереңірек үңіліп, оның идеологиясын нақты анықтап алу шарт. Екіншіден, бұл бағыт ғылыми-техникалық әлеует ресурстарымен, оның ішінде қаржылық, кадрлық ресурстармен толық қамтамасыз етуілі тиіс. Үшіншіден, инженер мамандығының, ғалым азаматтардың жоғары мәртебесі қайта қалпына келуі шарт. Төртіншіден, экономика секторларына кредиттер беруге қатысты нормативтер қалыптасуы тиіс. Бесіншіден, экономиканың нақты секторына қызмет етуге бағытталған банктік жүйе әртараптануы тиіс. Өкінішке қарай, біз әлі күнге бұған қол жеткізе алмай келеміз. Алтыншыдан, мемлекет пен банктер ұсынатын кредиттік ресурстар қатаң түрде нысаналы мәнге ие болуы шарт. Әйтпесе, Есеп комитетінің жыл сайынғы мәліметтері сол баяғы кемшіліктердің әлі күнге қайталанып отырғанын көрсетіп отыр. Ең соңғысы - «Самұрық-Қазына» қорының қызметін қазақстандық экономиканың басым міндеттеріне қарай бұру қажет», деді О. Сәбден.