Ол кеше, сенбі күні тағайындалды. Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 53 жастағы румын бапкері тек өз елінде ғана емес Кипрдің "Омони», Сауд Арабиясының «Аль-Иттифак», Катардың «Аль-Ахли», Болгарияның "ЦСКА" сияқты командаларда да жұмыс істеген тәжірибелі маман. Соңғы рет Румыния чемпионатында 2012 жылы "ЧФР Клуж" командасымен ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңін сәтті өткізді.
09:14, 21 Шілде 2013
Иоан Андоне «Астана» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
АЛМАТЫ. 21 шілде. ҚазАқпарат - Ертен 'Астана' футбол клубының бас бапкері Иоан Андоне өз қызметіне кіріседі.