IOI-2015: Португалиядан келген делегат олимпиадаға 15-ші рет қатысып отыр
05:31, 28 Шілде 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Португалия командасының жетекшісі Педро Рибейро информатикадан халықаралық олимпиадаға 15-ші мәрте қатысып отыр. Дүбірлі дода қазір Алматыда өтуде.
«Менің ең сүйікті пәнім - информатика. Олимпиадаға 11 рет оқушы ретінде, соңғы 5 рет жетекші ретінде қатысып отырмын», - деді португал командасының көшбасшысы. П.Рибейро байрақты бәсекеге қатысуға ең білімді балалар іріктеліп алынатынын айтты. «Біз мықты команда әкелдік. Бірақ балаларға бұл жерде ең бастысы жеңіс емес, қатысу деп айттым. Олар өзінің қатарластарымен танысады, олардың деңгейін көреді. Тәжірибесімен бөліседі. Ал медаль алған дұрыс, бірақ аса маңызды емес», - деді П.Рибейро. Олимпиада қатысушылары алгоритмдік тапсырмаларды бағдарлаудан бақ сынайды. Қазақстанның намысын 4 оқушы: Маминов Данияр, Өмірзақ Мейрамбек, Бекболатұлы Бекжан мен Алтыбай Назарбек қорғайтын болады.